В
Все
Ф
Французский язык
Г
Геометрия
Э
Экономика
Ф
Физика
А
Английский язык
П
Психология
И
Информатика
Г
География
М
Математика
М
Музыка
М
МХК
Н
Немецкий язык
Д
Другие предметы
Х
Химия
И
История
О
Окружающий мир
О
ОБЖ
У
Українська література
Р
Русский язык
П
Право
Л
Литература
О
Обществознание
Б
Беларуская мова
Б
Биология
Қ
Қазақ тiлi
А
Алгебра
У
Українська мова
poli36914
poli36914
02.03.2020 06:18 •  Қазақ тiлi

Жалпы бiлiм беретiн 1-тапсырма. Томенде берілген мәтiндi окыныз. Кәсiп-бакыттын шырагы. Енбек - ырыстын булагы танылган срдiн несiбi»,-дейдi казак халкы. Өз енбегiмен «Жер омiрдiн бесігі, Енбек - азаматтар мен кәсіпорындар да коп. Солардын бiрi - Кызылорда облысында > сыйлыгынын > мешiтi мен медресесiн, Сырдария ауданына карасты Наги Ілиясов ауылында стадион, ауылдык округ әкiмдiгi ғимаратын салып, ауылдагы мұражайга күрделi жендеу жумыстарын жүргiздi. Ауылды толықтай көгалдандырды. Ауылдагы тұрмысы темен, сондай-ак копбалалы отбасылардын үйлерiне кайта жөндеу жургiзiп бердi. Компаниянын колдауы нәтижесiнде бул ауыл республика келемiндегi озык ауылдар катарына косылып отыр. катарлы компания. «Жаксы болар жiгiттiн, жұмыссыз жүрген кунi жок»,- дейдi халык даналығы. Жас Сондықтан болса да бас болып компанияны баскарып отырган Магжан Ералиев:

Показать ответ
Ответ:
Алибабо
Алибабо
09.06.2022 17:19
Осыдан 70 жыл бұрын, дәл осы күні   таң қылаң бере   фашистік Германия  Кеңестік   Социалистік   Республикалар  Одағына     шабуыл   жасады. 

Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың  қатарында   Кеңес Одағының   батыс шебін күзеткен    ондаған мың  қазақстандық-шекарашылар болды.    Атақты Брест   гарнизонының  өзінде  1941 жылдың көктемінде   біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен,     шілде айында  олардың   көпшілігі     әскерден елге  қайтулары керек  болған.  Бірақ      жаудың  шабуылы  олардың   бұл   жоспарларын  күл-талқан  етті.     Соғыс   өрті  ішке  қарай  тез еніп,    Брест қамалының тірі  қалған   қорғаушылары партизандар қозғалысына  қосылды.    Олардың  қатарында 190   қазақстандық болған  және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде    қалған.  

Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл  Кеңес Одағы сияқты,     алғашқы   күннен бастап  жұдырықтай жұмылды.   Республиканың түкпір-түкпірінде  әскери  комиссариаттарға   еріктілер  ағылды.   Кеше  ғана мектеп  партасында  отырған  бозбалалар  мен бойжеткендер де,   қала   мен ауыл тұрғындары да соғысқа  сұранды.  

1939    жылдың  дерегі  бойынша,  біздің  республикамызда  6,2 миллион адам тұрып  жатқан.  Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына  1 миллион  200 мың  қазақстандық шақырылған,    20-дан астам   атқыштар  дивизиясы  мен  басқа да     құрылымдар жасақталған.  Фашистермен     болған шайқастарда  328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивиясы,   100-ші және 101-ші  ұлттық,   81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық дивизиялар, 74-ші және  75-ші теңіз    атқыштар бригадасы,  209-шы  Зайсан,   219-шы  минометтік,  85-ші зениттік,   662-ші, 991-ші және 992-ші  авиациялық полктер  ерекше    көзге түсті.    Майданға  14 100  жүк және  жеңіл  автокөлік,  1 500   шынжыр табанды  трактор,  110 400   жылқы,  16 200  арба    жөнелтілді. 

Қазақстан    армия мен флот үшін   офицерлік кадрлар  және  резервтік    күштер дайындауға да  лайықты үлес  қосты.  1941-1945 жылдары    әскери  оқу орындарына  42 мыңнан  астам   жас қазақстандық   жолданды,    ал Қазақстанның аумағында  сол жылдары жұмыс істеген  27   әскери оқу орны толық емес   мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған.     

Біздің    жерлестеріміз  майдан даласында    ерлікпен шайқасқан.     Жауынгерлік ерліктері  үшін жүздеген  мың  қазақстандық  медаль-ордендермен марапатталса,  500-дей    адам  Кеңес Одағының Батыры,   100-ден  астам адам - Даңқ орденінің  толық иегері атанған.  Төрт қазақстандық  екі  мәрте    Кеңес Одағының  Батыры  атанды,  олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов  және Леонид Беда. 

Кеңес  Одағы   Батырларының  қатарында  қазақтың екі   қызы -  мерген  Әлия Молдағұлова мен   пулеметші  Мәншүк Мәметова  бар.   Рейхстагқа    Жеңіс туын  тіккендердің   бірі -  қазақ  жігіті   Рахымжан  Қошқарбаев.    Жаудың   тылында  партизандардың  қатарында да   қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі  - Қасым Қайсенов.     Ал танымал  қолбасшы,       әскери  жазушы Бауыржан  Момышұлын,  28  панфиловшылардың ерлігін    білмейтін  қазақ жоқ шығар.  

Соғыстың тек майдан даласында ғана емес,  тылда  жүргені мәлім.      Гитлерліктер КСРО-ның батыс  аудандарын басып  алғаннан кейін, Сібір  мен  Қазақстанның  ел экономикасындағы  маңызы күрт артқан.   Жаудың  қолына   бермеу  үшін  соғыстың алғашқы айларында    өнеркәсіптік кәсіпорындардың   барлығы тылға көшіріле бастады.      Қысқа мерзімнің ішінде Қазақстанның аумағына  142 кәсіпорын     жайғастырылды,   532 506 адам көшірілді.     Оған қоса,  жаңа өнеркәсіптік  нысандардың  құрылыстары  жеделдетілді.   Соғыстың алғашқы 1,5  жылында Қазақстанда 25  кен орны пен шахта,  11 кен байыту   фабрикалары,   19 жаңа көмір шахтасы,    3 разрез,   4   жаңа  мұнай кеніші мен     Гурьевтегі   мұнай өңдеу зауыты  іске қосылды. 

Темір    жол құрылысы   жалғасты.  1942-1943 жылдары   Мақат-Орск,   Ақмола -Магнитогорск     желілерінің  құрылысы аяқталды.  Соғыс жылдары  Қазақстан  жалпыодақтың мыс  құймасының  30 пайызын,  марганец кенінің  60  пайызын,   мыс кенінің 50 пайызын,   металл  висмуттың  65 пайызын,     полиметалл  кендерінің  70 пайызын,      мырыш  өнімінің   85 пайызын берді.  Қорғаныс өнеркәсібіне қажетті мыстың  үштен бірі   Қазақстанда  өндірілді,    сондықтан да соғыс жылдары  әрбір   10   оқтың  тоғызы   Қазақстанда құйылды.  

Республикада     танк және ұшақ      жасауға ақша  жинау қозғалысы      жүрді.   1941  жылдың күзінде    атындағы  танк дивизиясын    құруға   қаржы  жинала бастады  да,     бір жылға  жетер-жетпес уақыттың ішінде  армия  қазақстандық   комсомолдардан    45 жаңа   танк алды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Kally2007
Kally2007
16.04.2023 20:08
Қазақ халқының ұлттық спорт ойынының бірден-бір көп тарағаны — бәйге мен аламан бәйге. Спорттың бұл түрінің өзгеше бір ерекшелігі сол — жарыс тек жазық жерлер мен ипподромдарда ғана өтіп қоймайды, спортшының өзі мен оның атына жоғары талап қойылатын ойлы-қырлы, жасанды, бөгесінді жерлерде де өткізіледі. Бір жағынан, бұлайша жарысты бұрын белгісіз, ойлы-қырлы жерлерде өткізу қазіргі заманғы ат спортының классикалық түріне жуықтайды. Бұл республиканың жергілікті халықтары арасында спорттың классикалық түрлерін кеңінен таратуға өзінің пайдасын тигізетіні сөзсіз.

Әсіресе аламан бәйгенің спортшының тактикалың шеберлігін жетілдіруде маңызы орасан зор. Жарыста мықты да жылдам спортшылардың бәрі бірдей жеңе бермейді, мұнда кімде-кім жарысты жаттығу жағынан дұрыс құрып, жағдайды дұрыс бағалап, жарыстың барысында атының күшін тиімді пайдаланса ғана жеңіске ие болады.

Жарыстың үлкен шаруашылық, тәрбиелік мәні де бар. Олай болатын себебі — жарысқа қосатын атты таңдап алып, оны баптап бәйгеге жаратуға дейінгі ұзақ мерзімге бәйге атына мініп шабатын бала үнемі басы-қасында болып, бапкермен бірге еңбек етеді. Бапкер бәйгеге шабатын атты ғана баптап қоймайды, оған мініп шабатын баланы да қоса әзірлейді. Бала бәйге атына берілетін жем-шөп, судың мөлшеріне дейін біледі, оның терін алудың, аттың артықшылығы неде, қандай қабілеті бар және жарыс үстінде оны қалай пайдалану керектігін бәйге атына мінетін бала жарыс басталмастан әлдеқайда бұрын қанығып, біліп алады.

Бәйге осы күнге дейін өз маңызын жоймаған спорт түрі. Бұл күнде жарыс ұйымдастырғанда әр ауданның ерекшелігі есепке алынып, шабатын аралық белгіленеді. Атқа шабатын адамның жасы, салмағы бір-бірімен теңдес болып келеді. Бәйге аттарын белгілі жерге алып баратын адам ат айдаушы деп аталады. Ат айдайтын жерге жеткенде ат айдаушы оларды қатар тұрғызады да белгі береді. Жарыс басталады
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?